Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоқ пәтерді жалға берген": Алаяқтықпен айланысты деген күдікпен 18 жастағы алматылық ұсталды

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: polisia.kz

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берді деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Ол 18 жаста, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жап-жас болғанына қарамастан күдікті интернет арқылы адамдарды алдаған. Ол жөндеу жұмыстары жақсы, бағасы арзан пәтерді жалға беру туралы сайтқа хабарландыру орналастырған. Қызығушылық танытқандарға жас жігіт банк картасының дерегін жіберіп, алдын ала төлем жасауды сұрады. Біздің мәлімет бойынша, күдіктінің қылмыстық қулығына кем дегенде 5 адам түскен, олар алаяқтық туралы полицияға ресми түрде арызданғандар. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде оның қылмыс жасау кезінде пайдаланған байланыс операторларының 45 SIM-картасы тәркіленді", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.

Тәртіп сақшылары оның басқа да қылмыстарға бар-жоғын тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000984-zoq-paterdi-zalga-bergen-alayaqtyqpen-ailanysty-degen-kudikpen-18-zastagy-almatylyq-ustaldy/

pixel