Аязға байланысты Екатеринбург-Алматы тас жолында қозғалыс шектелді
Опубликовано:

"Екатеринбург-Алматы" тас жолының Қарғандыдан Жамбыл облысына дейінгі аралығында қозғалысқа уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды
"Ауа температурасының төмендеуіне байланысты сағат 22:00-ден бастап жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар автожолының Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік (дизельді автокөлік) үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді", - делінген компанияның Іnstagram-парақшасында жарияланған хабарламада.
Жолда штаттан тыс жағдай туындаса 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001001-ayazga-bailanysty-ekaterinburg-almaty-tas-zolynda-qozgalys-sekteldi/