Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда пара алудан бас тартқан шенеуніктер марапатталды

Опубликовано:

конверттегі ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтауда Қылмыстық-атқару департаментінің екі қызметкері пара алудан бас тартқаны үшін марапатталды. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Берік Бабаев пен Жасұлан Ақанды Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнінде марапаттаған.

Белгілі болғандай, пробациялық бақылауда жүрген азаматтар олардың банктік есепшотына ақша аударады. Мемлекеттік қызметкерлер бұл мәселені дереу басшылық пен жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарлаған.

Нәтижесінде, қызметкерлерге пара бермек болған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 428 мың теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Қылмыстық-атқару жүйесі ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы Бекзат Өрбісінов пен мемлекеттік кірістер департаментінің қызмкеткері Рустам Мұғалбаевқа жемқорлыққа қатысы бар істердің алдын алғаны үшін алғыс жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001002-aqtauda-para-aludan-bas-tartqan-seneunikter-marapattaldy/

pixel