Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мароккоға қарсы матчта Португалияның атақты ойыншысы қолын сындырып алды

Опубликовано:

Пепе
Пепе жасыл алаңда.Фото: Tiwtter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Португалия құрамасы жартылай финалға өтпеді. Ширек финалда еуропалық ұжым Мароккоға есе жіберді. Аталған кездесуде Португалияның ардагер қорғаушысы Пепе қолын сындырып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Португалия футбол федерациясының баспасөз қызметі Пепенің кездесу барысында жарақат алғанын жеткізді. Алайда 39 жастағы қорғаушы қолының сынғанына қарамастан матчты соңына дейін жалғастырған.

Ол Мароккоға қарсы ойыннан кейін Доха қаласындағы ауруханаға барып тексерілген. Медициналық мекемеде Пепенің қолын сындырып алғаны расталды.

Айта кетейік, Марокко мен Португалия арасындағы матчта 1:0 есебімен африкалық команда жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири соқты. Осылайша, Марокко Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001036-marokkoga-qarsy-matcta-portugaliyanyn-ataqty-oiynsysy-qolyn-syndyryp-aldy/

pixel