Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада кәріз қақпағын ұрлаған жігіттер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

кәріз қақпағы
Видеодан кадр: Polisia.kz

Астана қаласында кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды. Олардың заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, деп жазады Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Күдіктілердің 16 дана металды қолды қылғаны белгілі болды. Оларды темірді қабылдау пунктіне тапсырған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктілердің жеке басы мен орналасқан жері анықталды. Ер адамдар кінәсін мойындады, олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", – деді “Сарыарқа” ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Жалғас Әбшекенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001040-astanada-kariz-qaqpagyn-urlagan-zigitter-videoga-tusip-qaldy/

pixel