Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда 18 жастағы жігіт 10 күннен бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Асқар Қылышбеков
Асқар Қылышбеков. Фото: Lada.kz

18 жастағы Асқар Қылышбековтің туыстары қазақстандықтардан көмек сұрайды. Одан 2 желтоқсаннан бері хабар жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсан күні Маңғыстаудың Шетпе ауылындағы үйінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған.

Асқардың отбасы полицияға жүгінген. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған.

Асқар Қылышбеков
Асқар Қылышбеков. Фото: Lada.kz

Белгілері: дене бітімі - арықтау келген, бойы – 180 см, шашы мен көзі қара. Үстінде қара күрте, қара көк шалбар, аяғында қара етік немесе ақ кроссовка болған. Ол өзімен жылы киім салып алған.

Асқардың туыстары оның жүрген жері туралы қандай-да бір мәлімет білетіндер болса +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

Асқар Қылышбеков
Асқар Қылышбеков. Фото: Lada.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001072-mangystauda-18-zastagy-zigit-10-kunnen-beri-tabylmai-zatyr/

pixel