Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы үкіметтің бірлескен отырысында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру мәселесіне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеде үкімет ақпараттық жұмысты тиімді жүргізбегенін атап өтті, деп хабарлайды БОРТ N1 арнасы.

Президенттің сөзінше, осы бағыттағы жұмысты дұрыс жүргізбеудің нәтижесінде бүгінде қарапайым халық автокөліктерді қалай заңдастыру қажеттігін білмей, "әуре-сарсаңға түсіп жүр".

"Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның салдарынан жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз.

Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін үкіметтің бірлескен отырысында президент бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, келер жыл биылғыдан да күрделі әрі қиын болуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001177-toqaev-setelden-akelingen-avtokolikterdi-zandastyru-turaly-ukimet-aqparattyq-zumysty-durys-zurgizgen-zoq/

pixel