"300-350 мың теңге": Көлгінов отбасымен азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты
Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов министрліктер кабинетінің кулуарында отбасымен бірге азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тілшілер Алтай Көлгіновтен жанұясы ай сайын азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын сұраған.
"Шамамен айына 300-350 мың теңге. Азық-түлікті қала дүкендерінен сатып аламыз. Көп жағдайда жұбайым сатып алады, қолым тигенде мен де сатып аламын", - деді Астананың бұрынғы әкімі.
Айта кетейік, Алтай Көлгінов көпбалалы отбасы.
Өткен аптада ол премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001189-300-350-myn-tenge-kolginov-otbasymen-azyq-tulikke-qansa-zumsaitynyn-aitty/