Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік көлікті заңдастырмақ болған семейлік жарты миллион теңгеге алданып қалды

Опубликовано:

Бір конверт 10 мың теңгелік купюралар
Бір конверт 10 мың теңгелік купюралар. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шетелдік көлікті заңдастырмақ болған Семей тұрғыны жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қараша айының ортасында Семей қаласы Полиция басқармасы Орталық ПБ "102" жедел арнасына облыс орталығынан тұрғын хабарласқан.

33 жастағы семейліктің айтуынша, 2021 жылдың тамыз айында бейтаныс адам өзін алдау арқылы сеніміне кіріп, соңында сан соқтырып кеткен. Бейтаныс адам оған Toyota Estima автокөлік құралын РФ есебінен Қазақстандық есепке рәсімдеп, құжаттарын дайындап беремін деп ірі көлемде қаражатын иемденген.

Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қаланың 38 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстады. Анықтау барысында ол кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001245-seteldik-kolikti-zandastyrmaq-bolgan-semeilik-zarty-mln-tengege-aldanyp-qaldy/

pixel