Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұқтырмадағы қайғылы оқиға: Көлік иесі үш жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Скриншот видеодан алынды. Фото
Скриншот видеодан алынды. Фото : КТК телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында болған қайғылы оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді. Белгілі болғандай, көлік иесі үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға өткен аптада орын алған. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек төрт жолаушы болған. Оқиға болған сәтте, көлік жүргізушісі мен үш жолаушы мұзға батқан автокөліктен өз күштерімен шыға алса, 72 жастағы зейнеткер судан шыға алмай қалған. Әйел адамның мәйіті тек бірнеше күннен кейін, мұз астынан табылған еді.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көлік иесі мұз толық қатпаған жүрген. Полиция әзірге оқиғаға қатысты деректерді құпия сақтауда. Десе де көлік жүргізушісі үш жылға бас бостандығынынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды.

"ҚР Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Қаракөз Әбенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001268-buqtyrmadagy-qaigyly-oqiga-kolik-iesi-us-zylga-sottaluy-mumkin/

pixel