Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп танылған жігіттің әкесі алаяқтық үшін бес жылға сотталды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рiqsels.com

Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Мұхтар Меджидов әскери саладағы алаяқтығы үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Шенеунікке сот үкімі Мәскеуде шыққан, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеу соты дүйсенбі күні Мұхтар Меджидовты Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінде жүргізген алаяқтығы үшін бес жылға соттады.

Басылымның хабарлауынша, сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот шенеунікке қосымша 900 мың рубльге (6,7 млн теңге) салық төлетіп, 2,5 жыл бойы жергілікті басқару органдары мен мемлекеттік органдарда қызмет етуге тыйым салған.

Екінші сотталушы Плешакова Фиряз Фарманов атындағы Избербаш радио зауытының бұрынғы директоры шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2012 жылы сотталушылар қорғаныс министрлігімен радиолокация жүйесін жеткізу үшін келісімшартқа отырып, 108 млн рубль көлемінде аванс алған.

Алайда ведомство аталған жүйеге сол күйі қол жеткізе алмаған. Белгілі болғандай, сотталушылар зауыт техникалық тұрғыда аталған келісімшартты орындай алмайтынын білген. Айыптаушы тарап Меджидовтың қорғаныс министрлігі қызметкерлерімен таныс болғандығын, олардың сеніміне кіріп, зауыт мүддесін қорғағандығын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп танылған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов 13 жылға сотталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001280-tomiris-baisafanyn-olimine-kinali-dep-tanylgan-zigittin-akesi-alayaqtyq-usin-bes-zylga-sottaldy/

pixel