Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық полицейлер қатты аязда дүкен жанында жатқан әйелді тауып алды

Опубликовано:

Жетісу облысы Полиция департаменті орынбасарлары тағайындалды
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Павлодар тұрғындары дүкен жанында жерде жатқан әйел адамға көздері түскен. Тәртіп сақшылары дер кезде көмек көрсетпегенде оқиға қайғылы аяқталатын еді, деп жазады Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальоны командирі Айдар Сламбековтің айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын құқық қорғау органдарына Естай көшесі бойындағы дүкендердің бірінің жанында әйел адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тәртіп сақшылары келген бойда әйелді көрген. Алайда әйел адам өзі жайлы ешқандай ақпарат бере алмаған, себебі қатты мас болған.

Полицейлер әйелді полиция бөліміне жеткізіп, кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелткен. Белгілі болғандай, келіншек ауруханада ем алған.

Айдар Сламбековтың айтуынша, тәртіп сақшылары уақтылы әйелге көмек көрсетпегенде, оқиға қайғылы аяқталатын еді. Себебі далада қатты аяз тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001347-pavlodarlyq-policeiler-qatty-ayazda-duken-zanynda-zatqan-aieldi-tauyp-aldy/

pixel