jitsu gif

30 градусқа дейін аяз: еліміздің үш облысы мен екі қаласында дауылдық ескерту жарияланды

Терезедегі қырау
Аяз. Көрнекі фото: Рexels.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі, 14 желтоқсан күні Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 16 м/с-қа дейін жететін жел соғады.

Ал 14-16 желтоқсан күндері Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

14-16 желтоқсан күндері түнде және таңертең Шымкент және Түркістан қалаларында да күн тұманды болады деп күтілуде.

Сондай-ақ 14 желтоқсанда түде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын болуы ықтимал.

Одан бөлек өңірде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар облыста 20-25 градус, ал облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін аяз күтіледі.

30 градусқа дейін аяз: еліміздің үш облысы мен екі қаласында дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.