jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тоқаев Болат Аюхановтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Болат Аюханов
Болат Аюханов. Фото: gattrk.kz

Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, балет әртісі, хореограф, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры ретінде танылған көркемдік ұжымның негізін қалап, оған ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті.

Оның балет өнеріндегі туындылары еліміздің және шетел сахналарында қойылды. Болат Ғазизұлы қашанда адамгершілік және рухани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретті.

Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.

Еске сала кетейік, қазақ балетінің аңызына айналған Болат Аюханов 84 жасында өмірден өтті.

Тоқаев Болат Аюхановтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.