jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қызылордада «Сыр бұлбұлдары» конкурсы өз мәресіне жетті

Сыр бұлбұлдары
Фото: gov.kz

Қызылордада әнші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова атындағы «Сыр бұлбұлдары» облыстық әншілер конкурсы өз мәресіне жетті.

Эстрадалық ән салу және академиялық ән салу жанрлары бойынша өнер көрсеткен жас таланттардың өнерін бағалаған қазылар алқасы үздіктерді анықтады.

Эстрадалық ән салу жанры бойынша жүлделі ІІІ орынды Мақсат Базарбай, Нұртілек Малкайдар, Рақымжан Бақытов иеленсе, ІІ орынды Қалдасбай Сұлтанханым, Ақнұр Темірова, І орынды Сарманбек Саят иеленді. Конкурстың Бас жүлдесін Айсұлу Рахатова иеленді.

Сыр бұлбұлдары
Фото: gov.kz

Академиялық ән салу жанры бойынша жүлделі ІІІ орынды Зарина Камала, Аягөз Райбекова, ІІ орынды Әбдіхан Әлібек, Баянсұлу Сағындықова, І орынды Әбуов Дінмұхаммед, Ақбота Әбентаева иеленсе, Бас жүлдені Ақжүніс Абибулла және Бақдәулет Исабеков иеленді.

Сыр бұлбұлдары
Фото: gov.kz

Сыр елінің музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан бірегей талант иесі Қаракөз Ақдәулетова шығармашылығы мен оның ұстаздық жолы қашанда құрметке лайық. Қазақ даласының музыка өнерінде Қаракөз Ақжігітқызының есімі алтын әріппен жазылып, бірегей ұстаз ретінде халық санасында қалды. Сол ұлы ұстаздық жолды жалғап, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды өнерге деген махаббатымен еңсеріп, музыкамен өмір сүрген талант иесі талай шәкіртке бағдар бастауы бола білді.

Байқаудың қатысушылары осынау құрметті ұстаз рухына арнады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.