Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 млн теңгенің мүлкін қолды етті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскеменде ойын-сауық орталықтары бірінде дүкен қызметкерлері шамамен 19 млн теңгенің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ІІМ POLISIA.KZ ақпараттық порталы.

Басылымның мәліметінше, өңірлік полиция бөліміне жергілікті ЖШС өңірлік басқарушысы шағымданған. Ол биылғы жылдың шілде-қараша аралығында Өскемен қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары бірінде дүкен қызметкерлері шамамен 19 млн теңгенің мүлкін жымқырғанын мәлімдеген.

Белгілі болғандай, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтап, ұстаған.

Олардың барлығы 20 мен 21 жас аралығындағы университет студенттері екендігі белгілі болды.

Қазіргі таңда аудиторлық тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001456-oskemende-duken-qyzmetkerleri-19-mln-tengenin-mulkin-qoldy-etti-degen-kudikke-ilindi/

pixel