Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 градусқа дейін жылы: Ел мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қыс көрінісі. Көрнекі сурет
Қыс көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары ресми сайтында сәрсенбі, 14 желтоқсанда еліміздің ірі үш қаласында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда ауа температурасы 0-ден -2 градус аралығында болады. Жауын-шашын жаумайды, желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Астанада 14-16 градус аяз, мұнда жел секундына 7-12 метрге дейін күшейеді деп болжанып отыр. Мамандар бүгін елордада күн ашық болады деп болжауда.

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте күн жылы болады, қалада ауа температурасы күндіз +3-тен +5 градусқа дейін көтеріледі.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы күндері еліміздің шығысында -30 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001466-5-gradusqa-deiin-zyly-el-megapolisterinde-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel