Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар назарына жаңа әрі арзан Bestune кроссовері ұсынылды

Опубликовано:

Bestune кроссовері
Фото: Bestune

Кросссоверлер бұрыннан қазақстандықтардың сүйікті көлік түріне айналған. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының нарығында Bestune T77 премиум кроссовері пайда болды. Жеткілікті деңгейде кең, бірақ сонымен бірге ықшам әрі үнемді көлік басқа седандармен де, жол талғамайтын көліктермен де салыстырғанда көп артықшылыққа ие, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Дегенмен көптеген әуесқой автокөлік жүргізушісі кроссовердің әдеттегі «жеңіл көлікке» қарағанда әлдеқайда қымбат екенін біледі. Бірақ құны 11 990 000 теңгеден басталатын эргономикалық BestuneT77 пайда болғаннан кейін жағдай өзгерді.

Bestune – FAW қытай автохолдингінің еншілес бренді. T77 моделінде инновациялық дизайн және инновациялық техникалық салмасы бар. Шанағының бірқалыпты контурлары және радиаторының стильді торының арқасында ол спорттық және динамикалық болып көрінеді, ал LED-фаралар дизайнды толықтырады.

Автокөліктің жоғары клиренсі жолдағы кез келген кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді, қала жолдарына, шағын жолсыз жерлерге де қолайлы.

Bestune кроссовері
Фото: Bestune

Автокөліктің панорамалық төбесі көріністі тамашалауға мүмкіндік береді, ал жеткілікті кең салоны үлкен компанияға арналған. Тағы бір үлкен артықшылығы – бұл көлемі 375 литр болатын үлкен жүксалғышының болуы, ал артқы орындықтарды түрлендіру мүмкіндігі қосымша орын қосады, бұл жүксалғыштың көлемін бірнеше есеге - 1525 литрге дейін арттырады.

Салонның өзі қызықты жарықтандырумен жабдықталған, ал қаптауы жоғары сапалы материалдан – эко-былғарыдан жасалған. Сондай-ақ автокөлік қозғалтқышты іске қосу батырмасы, климаттық бақылау жүйесі, аспаптар панелі және мультимедиамен жабдықталған.

Bestune кроссовері
Фото: Bestune

Тіпті базалық жиынтықтаудың өзінде екі цифрлық дисплей бар, бұл жолсапар немесе мультимедиа туралы барлық қажетті деректі ғана емес, сонымен қатар смартфон дисплейінің мазмұнын Bluetooth немесе USB қосқышын қосу арқылы таратуға мүмкіндік береді, бұның барлығы да жаңа жиынтықта қарастырылған.

Bestune-нің техникалық мүмкіндіктеріне келер болсақ, T77-тің алдыңғы жетегі және 160 ат күшіне тең 1,5 литрлік турбо қозғалтқышы бар. Ол неміс инженерлерімен бірлесіп жасалған. Кроссовер сағатына жүз шақырымға дейінгі жылдамдыққа 9,7 секундта жетеді, ал бензин шығыны 100 шақырымға 7-10 литрді құрайды.

Bestune кроссоверін алған адам
Фото: Bestune

Ол сондай-ақ автономды шұғыл тежеу жүйесімен, адаптивті круиздік бақылаумен жабдықталған, ал жолақты өзгерту және ықтимал соқтығыс туралы ескерту жүйесі автомобильдің әдеттен тыс ерекшеліктерінің біріне айналды.

Бұдан бөлек, мұнда қауіпсіздікке ерекше назар аударылады – көлікте алты қауіпсіздік жастығы орнатылған.

«Қытайлық автокөлік өндірушілер Еуропа нарығын әлдеқашан жаулап алды. Автокөлік өнеркәсібі қарқынды дамып келеді және олардың брендтері қазір неміс, жапон немесе корей аналогтарынан еш айырмашылығы жоқ десек те болады. Жаңа жайлы Bestune T77 кроссоверін сатып алу қазақстандықтарға ұқсас сипаттамалары бар басқа көлікке қарағанда бірнеше есе арзанға түседі», - дейді «Вираж» компаниялар тобының бас директоры Ермек Ескергенов.

Bestune кроссовері
Фото: Bestune

Bestune T77 екі нұсқада қолжетімді - Luxury және Premium. T77 автокөлігін Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы Bestune салондарында тест-драйв жасауға және сатып алуға болады. Сонымен қатар Trade-in бағдарламасын пайдалану арқылы бір уақытта бір автосалонда өз көлігіңізді сатуға және жаңасын сатып алуға мүмкіндік жасалған.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (708) 345 5555 сенім телефонына хабарласыңыз немесе bestune.kz сайтында өтініш қалдырыңыз.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001472-qazaqstandyqtar-nazaryna-zana-ari-arzan-bestune-krossoveri-usynyldy/

pixel