Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау аумағынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған болуы мүмкін миналар табылды (фото)

Опубликовано:

Көкшетау аумағынан табылған мина
Көкшетау аумағынан табылған мина. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Көкшетау аумағынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне тиесілі болуы мүмкін миналар табылды, деп хабарлайды IIМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми арнасы.

Белгілі болғандай, 14 желтоқсанда Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топтық чатта жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған.

Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидробалғаның көмегімен шамамен 6 дана тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтқан.

Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркілеп, сараптама тағайындаған.

Полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында "құпия" деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт көшірілген, ол әлгі миналар табылған яғни жер қазу жұмыстары жүргізілген аумаққа орналастырылған.

Көкшетау аумағынан табылған миналар
Көкшетау аумағынан табылған миналар. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001514-koksetau-aumagynan-ekinsi-duniezuzilik-sogys-kezeninen-qalgan-boluy-mumkin-minalar-tabyldy-foto/

pixel