Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасында қызмет орнын тастап кеткен қауіпсіздік қызметкерлері 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Опубликовано:

Алматы әкімдігінің алдында тұрған полицейлер
Қаңтар оқиғасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қаңтардағы төтенше жағдай кезінде қызмет орнын тастап кеткен тәртіп сақшылары қандай жауапкершілік арқалайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаттары "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасын талқылау барысында депутат Ерлан Саиров қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қызмет орындарын тастап кеткен қызметкерлердің тағдыры қалай болатынын сұрады.

"Қаңтар оқиғасы бойынша ай сайын тиісті ақпарат береміз. Қанша қылмыстық іс қозғалғанын, қанша адамның жауапқа тартылғаны жайлы хабарлаймыз. Егер тиісті ақпарат қажет болса, бере аламын", — деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ, ол қызмет орындарын тастап кеткен қызметкерлердің қандай жауапкершілік арқалайтынын да айтты.

"Осы айда заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ жұмыс орнын тастап кеткен, өкілеттік шегінен шыққан жағдайда біз Қылмыстық кодекске адамдардың жауапкершілігін көрсететін жаңа бап енгіздік. Бұл жерде арнайы көрсетілген – 10 жылға дейін (бас бостандығынан айыру – ред.) Жоғарыда айтқанымдай, толық ақпаратты бөлек бере аламын", — деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001536-qantar-oqigasynda-qyzmet-ornyn-tastap-ketken-qauipsizdik-qyzmetkerleri-10-zylga-deiin-bas-bostandygynan-aiyryluy-mumkin/

pixel