Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада заңсыз шеру ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астанада 26 қарашада өткен заңсыз митингіні ұйымдастырушы Әбиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тергеу сотында бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралды.

"2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", — делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, 26 қараша күні қаладағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған бұқаралық мәдени шара ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушы кәсіпкер мәдени шараға 300-ге жуық жасты тартқан. Нәтижесінде ол жиналғандарды заңсыз шеруге шақырады. Кейіннен белгілі болғандай, ұйымдастырушы митингіні рұқсатсыз өткізген және полицейлердің талаптарына бағынбады деп айыпталған. Сот санкциясымен ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001611-astanada-zansyz-serudi-uiymdastyrusy-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel