Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағдырыма ризамын": Суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған жігіт өмір бойы арбаға таңылды

Опубликовано:

Арнұр Ысқақов
Арнұр Ысқақов. Фото: "Хабар" арнасы

2008 жылы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, өмір бойы арбаға таңылған Арнұр Ысқақов "Хабар" арнасындағы АйнаLine бағдарламасында қонақ болды. 23 жасында ауыр сынаққа тап болған ол тағдырына риза екенін айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арнұр қыз баланы құтқара алмаған. Десе де, оқыс жағдай оның өміріне де түбегейлі әсер етті.

"Ойнап жүрген қыз бала еді. Суға батып бара жатқанын көріп, соңынан мен де секірдім. Сол кезде су астындағы баллонға басым соғылып, денемді толық сезбей қалдым. Бұл өте ауыр кезең болатын. Алғашқы екі-үш жылда мүлде қиын болды. Арманыңның тас-талқаны шығады.

Не істеріңді білмей қаласың. 23 жастамын, университетте алтыншы курста оқитынмын. Бірақ сол кезде мені әке-шешем мен жақындарымның қолдауы алып шықты. Қыз баланы құтқара алмадым. Десе де, бұл менің тағдырым. Тағдырым деп қабылдадым, ризамын. Өкінбеймін", - дейді Арнұр.

Арнұр бүгінгі таңда "Қанаттылар" театрын басқарып отыр.

"Театрымызда елу адам жұмыс істейді. Оның ішіндегі отыз адамның мүгедектігі бар. Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек жандар ойнайды. 2018 жылғы халықаралық фестиваль біздің қойылыммен ашылды. Қарқынды жұмыс істеп келеміз", - дейді Арнұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001633-tagdyryma-rizamyn-suga-batyp-bara-zatqan-qyzdy-qutqarmaq-bolgan-zigit-omir-boiy-arbaga-tanyldy/

pixel