Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елдің ірі қалаларының бірінде ауа температурасы 8 градусқа дейін жылынады

Опубликовано:

Ағаш бұтасында отырған құс. Көрнекі сурет
Ағаш бұтасында отырған құс. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматыда бүгін күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы -1...+1 градусты құрайды. Жел жылдамдығы секундына 0-5 метр болады деп болжанып отыр.

Астанада да күн ашық болады деп күтілуде. Елордада ауа температурасы -13-тен -15 градусқа дейін аязды көрсетіп, желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте ауа райы жылы болады деп болжануда. Қалада термометр көрсеткіштері +6...+8 градусты көрсетіп, желдің жылдамдығы 2-7 м/с-ті құрайды деп болжанып отыр. Күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001637-bugin-eldin-iri-qalalarynyn-birinde-aua-temperaturasy-8-gradusqa-deiin-zylynady/

pixel