Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде қыс ішінде 200-ден астам студент жатақханасыз қалуы мүмкін

Опубликовано:

Жатақхана дәлізі. Көрнекі сурет
Жатақхана дәлізі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскеменде 200-ден астам студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Бүгінде жастарға қаңтардың 1-інен бастап жатақхана жабылатыны туралы ескерту де жасалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, студенттер жатақханасыз қалса, пәтер жалдай алмайтынын айтады.

"Бізге қаңтардың 1-інен бастап жатақхананың жабылатыны туралы айтты. Яғни, жатақханаға жабылу қаупі төніп тұрғанын ескертті. Егер пәтер жалдайтын болсақ, ол бізге қымбатқа соғады. Одан да жатақханада тұрғанымыз жақсы", - дейді стоматологиялық колледж студенті Анастасия Горбунова.

Телеарнаның тілшілері сонымен бірге, жатақханада түрлі оқу орындарынан 189 студент тұратынын айтады. Олардың басым көпшілігі мемлекет есебінен, тегін тұратын көрінеді. Сондай-ақ студенттер жетімдер мен аз қамтылған отбасылардың балалары екендігі белгілі болды.

Ал жатақхана әкімшілігі мәселе мемлекеттік қаржыландырудың тоқтауы себебінен туындады дейді. Айтуларынша, бейінді министрлікті реформалағаннан кейін, жатақханамен келісімшарт жасалмаған.

Сонымен бірге олар жатақхана басшылығы оны өз есебінен қаржыландыра алмайтынын жеткізді. Десе де шенеуніктер студенттер жаңа жылдан бастап далада қалмайды деп сендіріп отыр.

"Келісімшарттар қазынашылыққа тіркеу үшін жіберілді және 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін қаражат аударылатын болады. Сондықтан бірде бір студент жатаханадан шығарылмайды", - дейді "Қаржы орталығы" АҚ ішкі коммуникация және ілгерілету департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001640-oskemende-qys-isinde-200-den-astam-student-zataqxanasyz-qaluy-mumkin/

pixel