Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 cағат бойы жауды": Өскемен бұрын-соңды болмаған қалың қардың астында қалды (видео)

Опубликовано:

Қалың қар үстіндегі шам. Көрнекі сурет
Қалың қар үстіндегі шам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскеменде рекордты мөлшердегі қар жауып, коммуналдық қызмет өкілдері қала көшелерін қалың қардан тазартып үлгермеді. Сондай-ақ өңірдегі маңызды жолдар жабылып, мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшкені белгілі болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Өскеменде соңғы 6 жылда алғаш рет қар тоқтамастан 30 сағат бойы жауған. Қалың қарды тазалауға 200-ден астам коммуналдық қызметкер шыққан.

Қала тұрғындарының бірі қалың қарға қарамастан үйдегі итін далада серуендетуге алып шықса, енді бірі тіпті "Өз көлігіңді тап" хэштегімен челлендж бастаған.

Қаланың қалың қар құрсауында қалған видеосы әлеуметтік желіде де тез тарады.

Ал синоптиктер алдағы мереке күндері Өскеменде аяз басталып, келесі аптада тағы да қалың қар жауады деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001642-30-cagat-boiy-zaudy-oskemen-buryn-sondy-bolmagan-qalyn-qardyn-astynda-qaldy/

pixel