Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда күйеу баласы туған қайын атасының темір қақпасын ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Темір қақпа. Көрнекі сурет
Темір қақпа. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістанда жергілікті тұрғын полицияға үйінің темір қақпасы ұрланғаны туралы шағымданған. Кейін тәртіп сақшылары шағымданушының мүлкін өзінің туған күйеу баласы қолды еткенін анықтаған анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, тұрғыннан шағым түскен бойда, полиция аталған жайтты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеген.  

Полиция сондай-ақ ұрлықтың “ізін суытпай” ашу мақсатында, арнайы топ құрып, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Осылайша олар жақын арадағы темір сататын орындарды тексерген.

Нәтижесінде Түркістан қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған қақпа табылған. Кейін қақпаны қолды еткен күдікті де анықталып, ол полиция басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан. Ол қайын атасының ешкім тұрмайтын екінші үйіне ұрлыққа түсіп, қақпаны алып кеткен. Сондай-ақ күдіктінің бұдан басқа 4 ұрлық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.

Басылым қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001704-turkistanda-kuieu-balasy-tugan-qaiyn-atasynyn-temir-qaqpasyn-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel