Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдегі ЖЭО-да өрт шығып, көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды (фото)

Опубликовано:

ЖЭО-дағы өрт
ЖЭО-дағы өрт. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Желтоқсанның 15-іне қараған түні Семейдегі 1-жылу электр орталығында өрт шығып, кейбір жүйелер істен шыққан. Бұл туралы "Теплокоммунэнерго" МКК Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпорынның мәліметінше, 15 желтоқсанда сағат түнгі 00.30-да 1-ЖЭО-да отынмен қамтамасыз ету жүйесінің бірінші тасмалдағышында өрт шығып, салдарынан қуат бергіштер, сондай-ақ, мазут қондырғылары істен шыққан.

"Сонымен қатар бұл жағдай жылу тасымалдағыш параметрлерінің төмендеуіне әкелді. Өрт салдарын "Теплокоммунэнерго" МКК күштері мен "БЭСК" АҚ бригадасы жоюда. Қазіргі уақытта №2 қазандық жұмыс істеп тұр, №1 қазандық қыздырылуда, сондай-ақ бір қазандық мазутпен жұмыс істеп тұр", – дейді ММК өкілдері.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі құтқарушылар мен әскерилер 1-ЖЭО-дағы қазандық агрегаттарына көмірді қолымен салып жатқанын жеткізді.

Семейдегі ЖЭО-дағы қазандыққа әскерилер көмірді қолмен салуда
Оқиға орны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

"15 желтоқсанда сағат 00.34-те Семейде 1-ЖЭО-да 6 метр аумақта транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. Сағат 01.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды", – делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ сондықтан таңғы сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастағанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001720-semeidegi-zeo-da-ort-sygyp-komir-beru-zuiesinin-zumysy-toqtatyldyfoto/

pixel