Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтуға жеңіл болуына мән бердік": Астанада жаңа ауданның қалай аталатыны талқыланды

Опубликовано:

Астана кеші
Астана кеші: pixabay.com

Астанада қалалық тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында елорданың жаңа ауданының атына байланысты өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, қаланың сол жағалауында тағы бір аудан пайда болады деген ұсыныс туған кезден бастап, аудан атына қатысты сарапшылармен бірнеше кездесу өткен.

Нәтижесінде ономастикалық комиссия отырысында жаңа аудан атауына байланысты екі нұсқа таңдалған.

"Бірінші нұсқа – "Нұра". Бұл Ақмола және Қарағанды облыстарындағы өзен атауы. Екінші нұсқа– "Қараөткел". Біз жаңа аудан атын айтуға жеңіл әрі тез қабылдануына мән бердік. Алайда қазақ грамматикасына сәйкес, екі қатар тұрған дауысты дыбысты айту қиын. Сол себепті "Нұра" нұсқасын ұсынамыз", – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов халық санының өсуіне байланысты, елордадағы Есіл ауданы екіге бөлінетінін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001727-aituga-zenil-boluyna-man-berdik-astanada-zana-audannyn-qalai-atalatyny-talqylandy/

pixel