Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 38 жастағы әйел іздестірілуде (фото)

Опубликовано:

Людмила Ершова
Людмила Ершова. Фото: Ақмола облысының ПД

Көкшетауда 38 жастағы Людмила Ершова есімді әйел іздестірілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 13 желтоқсанда Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын 1984 жылы туған азаматтық некедегі әйелінің жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген.

Ер адамның айтуынша, жұбайы 11 желтоқсан күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол бір-екі күн әйелін өзі іздеп көрген.

Тәртіп сақшылары барлық бөлімшеге Людмила Ершованың іздестеріліп жатқаны туралы хабарлама жіберген. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жүргізілуде.

Людмиланың бойы – 165-170 см, орта денелі, шашы қызғылт қоңыр түске боялған. Жоғалған күні үстінде қошқыл сирень түсті күрте, қара шалбар, сұр түсті тоқылған бас киім және аяғында қара түсті угги етік болған.

"Жоғалған әйелдің қайда екені туралы мәлімет білетін адамдар болса 8 (7162) 29-96-00 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001752-koksetauda-38-zastagy-aiel-izdestirilude/

pixel