Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда есімі тәуелсіздікпен байланысты қанша адам бар

Опубликовано:

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда есімі тәуелсіздік ұғымымен байланысты, неше адам бар екенін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде есімі Тәуелсіздік күніне орайластырып қойылған Тәуелсіздік атты бір адам, Егемен атты 21 адам, Бостандық атты 23 адам бар.

Сондай-ақ 14 065 адамға Азат, 3 913 адамға Еркін есімі қойылған.

Айта кетейік, бүгін еліміз Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Қазақстанның егеменді ел болғанына биыл 31 жыл.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтып, бәрімізге оны көздің қарашығындай сақтау керектігін еске салды.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001858-qazaqstanda-esimi-tauelsizdikpen-bailanysty-qansa-adam-bar/

pixel