Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кемінде 160 миллион теңге шығын": Қазығұртта 800 тонна алма қар астында қалды (видео)

Опубликовано:

Алма
Піскен алма. Фото: Нұрболат Құраловтың жеке мұрағатынан

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жеміс баптаған бағбанның 800 тонна алмасы шіріп кетуі мүмкін. Ала жаздай еткен еңбектің еш болғанына іші ашыған шаруа ауданда дайын өнімді өңдеу ақсап тұрғанын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өңдеу, терең өңдеу жоқ десе де болады, ауданда бір ғана "Көрік" ЖШС бар, оның өзі қуаттылығы 1 т/сағ ол толық қуатта жұмыс істемейді. Өңдеуші алманың келісін 30 теңгеден алғысы келеді, ал жердегі алманы теру тасымалдау шығыны 40 теңге. Біз  кемінде 50 теңгеден сатуымыз керек. Сонда ғана табыс 10 теңге болады. Бауға қараған бір жылдық шығынға 10 теңге бұл абсурд. Бірақ амал жоқ,"- дейді "Aqniet Agro gardens" ЖШС нің директоры Нұрболат Құралов.

Кәсіпкердің айтуынша, Қазығұртта пісіп тұрған жемісі қар астында қалып, шығынға батқан шаруа аз емес көрінеді.

Алма
Піскен алмалар. Фото: Нұрболат Құраловтың жеке мұрағатынан

"Тек біздің бауда 800 тонна алма қалды. Одан бөлек, бұл ұсақ шаруа қожалықтарын қоспағанда 600 тонна Атбұлақ елдімекенінде, 500 тонна Алтынтөбеде, СПК Бірлікте 300 тонна бауларында өнім жерде қалған. Одан бөлек 300 тонна қара өрік, 200 тонна жүзім бауда қалды. Мысалы, алманың бір келісі үшін орта бағасы 200 теңге болды. Сонда кемінде 160 миллион теңге шығын. Тіпті терең өңдеуге өткізгенде 50 теңгеден 40 миллион болар еді, енді ол да жоқ",- дейді Нұрболат Құралов.

Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы биыл жерге түскен алманы жинау қиынға түскенін алға тартып отыр.

"Қар астында қалған алма туралы ашына айтқан бұрынғы компания иелігінде 530 гектар жеміс-жидек бауы бар. Аталған баудың 180 гектары алма, соның ішінде жеміс беретіні 160 гектардан 2496 тонна болжамды өнім жиналды. Серіктестікке жерге түскен алмаларды өткізу қиыншылық туғызған.

Биыл, 2022 жылы Қазығұрт ауданында жеміс жидек соның ішінде алма бақтарынан мол өнім алынды. Қарқынды бау өнімі кей шаруашылықтарда гектарына 40 тоннаға жуықтады. Бұл ретте туындаған қиыншылық көшеттегі алманы жинауда емес, жерге түскен алманы жинауда болған.

Қазығұрт ауданындағы индустралды аймақта орналасқан жеміс-жидекті қайта өңдейтін "Көрік" ЖШС-нің кәсіпорнында жерге түскен алмаларды кәсіпкерлерден 40 тг/кг қабылдады. Сондай-ақ, кейбір кәсіпкерлер жерге түскен алмадан қақ өнімдерін дайындады және қызығушылық танытып теріп алушыларға 50 тг/кг сатылды",- деп мәлімдеді Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001891-keminde-160-million-tenge-sygyn-qazygurtta-800-tonna-alma-qar-astynda-qaldy-video/

pixel