Елімізде коронавирусқа шалдыққан 11 адамның жағдайы ауыр
Опубликовано:

18 желтоқсан күні елімізде коронавирус инфекциясынан 2 190 адам емделіп жатыр. Олардың 11-інің жағдайы ауыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Комитет мәліметінше, 2 190 адамның 328-і стационарда. Ал 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында 11 адамның жағдайы ауыр.
Сонымен қатар 4 науқастың жағдайы өте ауыр және 1 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001951-koronavirusqa-saldyqqan-11-adamnyn-zagdaiy-auyr/