Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус қағып кеткен 24 жастағы қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болды

Опубликовано:

Қоғамдық көлік
Қоғамдық көлік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда автобус қағып кеткен 24 жастағы қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан алынған кадрлер әлеуметтік желіге таралып кеткен. Жарияланған видеода марқұмды №205 қоғамдық көліктің қағып кеткені айтылған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында 14 желтоқсан күні сағат 20:20-да орын алған.

"Foton маркалы автобусты басқарған 1972 жылы туылған жүргізуші Құлжа тас жолымен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда жолдың белгіленбеген бағыттағы бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1998 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті", - делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде.

Қызды ауруханаға жеткізгенмен, оны аман алып қалу мүмкін болған. Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қазір қылмыстық кодекстің "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге ​​жатпайды", - деді құқық қорғау органдары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001956-almatyda-avtobus-qagyp-ketken-24-zastagy-qyz-zansaqtau-boliminde-qaitys-boldy/

pixel