Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер Астанада бұлттың толқын тәрізді ерекше пішінге енуінің сырын ашты (видео)

Опубликовано:

бұлт
Астана аспанындағы ерекше бұлт. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

19 желтоқсанда Астана тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болған. Олар бұлттардың толқын тәріздес пішінге енгенін байқаған. Бұған қатысты "Қазгидромет" мамандары пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың мәліметінше, дүйсенбі, 19 желтоқсан таңғы уақытта Астана аспанында қатпарлы ( Stratus — St) бұлттар байқалған.

Мұндай бұлттар бір жағынан атмосфераның төменгі қабатының салқындауынан, екінші жағынан турбуленттік нәтижесінде пайда болатын көрінеді.

"Салқындау түнгі сәулеленудің салдарынан болуы мүмкін, бұл әсіресе бұлттар жоқ кезде және шамалы жел болған кезде немесе салыстырмалы түрде жылы ауаның салқын қабатқа әсерінен пайда болады", - деп түсіндіреді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, бұлттың бұл түрі мегаполистерге тән, өйткені үлкен қалаларда жылу көздері көп және қарқынды, олар жоғары ылғалды ауамен және атмосфердағы қалқымалы бөлшектермен үйлесіп, осылайша конденсацияның және осындай бұлттардың пайда болуына ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002274-sinoptikter-astanada-bulttyn-tolqyn-tarizdi-erekse-pisinge-enuinin-syryn-asty-video/

pixel