Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Ол 21 қаңтарға дейін қамауда болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2022 жылғы 20 желтоқсанда сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 9 айға, яғни 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылған.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген биыл сәуір айында ұсталған болатын.

Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген.

Экс-депутат өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сондай-ақ ол Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған болатын.

Қазан айының соңында Бас прокуратура Қайрат Құдайберген мен Дикий Арманның рақымшылыққа ілінбейтінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002315-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-tagy-1-aiga-uzartyldy/

pixel