Петропавлда күйеуінен қашқан әйелді құтқарып, желі жұлдызына айналған сарбаз марапатталды
Опубликовано:

Петропавлда әлеуметтік экспериментке қатысып, күйеуінен қашқан әйелді құтқарып қалған сарбаз марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басылымның мәліметінше, Ұлттық ұлан академиясының 2 курс курсанты Санжар Ақанұлы бас қолбасшысы орынбасарының атынан алғыс хатпен және академия басшысының грамотасымен марапатталған. Аталған марапатты оған әскери оқу ордасының жетекшісі Артур Тоқышев табыс етті.
"Сол күні демалыс алып көшеге шыққан едім. Бір қыз жақындап, "Көмектесіңізші, ол мені ұрады" деді. Мен Отан қорғаушымын, әрі отбасындағы тәрбием жай өтіп кетуге жібермеді. Барынша қорғауға тырыстым", - деп сол күнді еске алды сарбаз.
Естеріңізде болса, өткен аптада күйеуінен қашып келе жатқан әйелді құтқарып қалған ұлттық ұлан сарбазы көптің ыстық ықыласына бөленген еді. Ол оқиғаның әлеуметтік эксперимент ретінде сахналғанын білмей, ондағы әйелге күйеуінің көзінше араша түскен еді.
Кейін бейнеролик авторы сарбазға әлеуметтік эксперимент түсіргенін, алайда ондағы кейіпкерге өзінен басқа ешкім көмектеспегенін айтқан еді.
Көп ұзамай аталған бейнежазба желіде 5 млн-нан астам қаралым жинап, ұлттық ұлан академиясының курсанты Санжар Ақанұлы желінің желінің жұлдызына айналған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002541-petropavlda-kuieuinen-qasqan-aieldi-qutqaryp-zeli-zuldyzyna-ainalgan-sarbaz-marapattaldy/