Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазгеология" басшылығына қатысты тергеуді бастады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгеология" ҰГБ компаниясы" АҚ басшылығы компанияның кейбір басқарма мүшелерінің жалақысын негізсіз көбейтті деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram арнасы хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мекеме басшылығы жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз, басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның үш орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар аралығында жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеп, лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктелуде", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге ведомствоның баспасөз қызметі тергеу жалғасып жатқанын және өзге ақпарат тергеу мүддесі аясында жарияланбайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002550-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmet-qazgeologiya-bassylygyna-qatysty-tergeudi-bastady/

pixel