Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепте балаларға жаңа жылға сыйлық жасау парамен тең: Антикор қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Жаңа жыл кезіндегі азық-түлік бағасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде Солтүстік Қазақстан облысында мектептер мен балабақшаларда балаларға тәтті сыйлықтар жасауға тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарады. СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері аталған ақпаратты жоққы шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа жылдық кулек таратуға тыйым салынғаны жөніндегі жазба Петропавлдың skopetro Instagram-паблигінде пайда болды. Жазба авторы онда мектепте балаларға тәттілерді сыйлауға тыйым салынғанын айтады.

"Мұғалімдерге мұндай сыйлық пара алумен тек деген бұйрыққа қол қоюды талап еткен. Барлық балалар аяз атадан сыйлықты күтіп жүрсе, бұлар оны пара, жемқорлық дейді", – деп жазған наразы тұрғындар.

Аталған видеоға қатысты өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері жауап берген, деп жазады Петропавловск.news басылымы.

"Әлеуметтік желілерде балалардың жаңа жылдық кулектеріне қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің ресми ұстанымын атап өтсек. Жаңа жыл қарсаңында біз білім беру басқармасымен бірге облыстың барлық білім беру мекемелерімен бірлескен жиын өткіздік. Оның барысында біз сыйлық алуға тыйым салдық, бірақ оның балалар сыйлығына еш қатысы жоқ" – деп түсіндірді ведомствода.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, сыйлықты сыйға тартуға және оны алуға мемлекеттік қызметкерлерге және солармен теңестірілетін мектеп директорларына да тыйым салынады.

Бұл ретте мұғалімдерге келер болсақ, олар жемқорлық субъектісі болып табылмаса да, заңсыз сыйақы алғаны үшін, ұстаздарға Қылмыстық кодекстің 247-бабы "Заңсыз сыйақы алу " бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002599-mektepte-balalarga-zana-zylga-syilyq-zasau-paramen-ten-antikor-qauesetke-zauap-berdi/

pixel