Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік палуан әкімдік сыйлаған пәтерді ала алмай жүргенін айтты

Опубликовано:

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі палуанды құттықтаған сәті
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі палуанды құттықтаған сәт. Фото: Бексұлтан Малайдаровтың жеке мұрағатынан

Бразилияда өткен сурдлимпиада ойындарының палуаны Бексұлтан Малайдар әкімдік уәде еткен пәтерді жарты жылдан бері ала алмай жүргенін айтты. Бексұлтан мамыр айында сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленген болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жас палуанның халықаралық дәрежедегі жеңісіне қуанған жергілікті әкімдік бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыстаған.

"Жарыстан келгенімізде әкімнің қабылдауына шақырып, бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Алғашында пәтерді қазан айында беретінін айтты. Кейін 16 желтоқсанға қалдырды. Жылдың аяғы болды. Уәде етілген баспанадан әлі хабар жоқ", - дейді спортшының анасы Балдырған Малайдар. 

Бексұлтан Малайдаров
Сурдлимпиада жүлдегері. Фото: Бексұлтан Малайдаровтың жеке мұрағатынан

Отбасын құрған 24 жастағы спортшының бір баласы бар. Қазір олар ата-анасымен бірге тұрады.

сертификат
Сертификат. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал облыстық спорт басқармасының басшысы пәтер кілті жыл соңына дейін табысталуы тиіс екенін алға тартады. 

"Құрылыс бөлімі пәтерді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Олар осы аптада аяқтауды жоспарлап отыр", - дейді Ақтөбе облыстық спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002614-aqtobelik-paluan-akimdik-syilagan-paterdi-ala-almai-zurgenin-aitty/

pixel