Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист Козачковтың ұсталуы: Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты тексеріледі

Опубликовано:

Михаил Козачков
Михаил Козачков. Фото: Facebook / Михаил Козачков

Бас прокуратура журналист Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты Қаржылық мониторинг агенттік таратқан баспасөз хабарламасының заңдылығын тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде соты үкімі шыққанға дейін тұлға кінәлі емес болып деп саналады. Күдік мәні – тұтқындау болды, оны бәріңізде көрдіңіздер. Жекелеген мәселелерге, баспасөз хабарламасына қатысты айтар болсам, тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ведомствоның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Өз кезегінде Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев тексеру жекелеген факті бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылай түсті.

Бұған дейін хабарланғандай, 18 желтоқсан күні Қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек көрсетті деген күдікпен ұстады.

Кейін Алматының тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамау туралышешім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002685-zurnalist-kozackovtyn-ustaluy-qarzylyq-monitoring-agenttiginin-aqparaty-tekseriledi/

pixel