Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау полицейлері өртенген үйден адамдарды аман алып шықты

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау полицейлері өртенген үйден адамдарды аман алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 желтоқсан күні Қарақия ауданына қарасты Құрық елді мекенінде екінші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің пәтерінің бірінен өрт шыққан. Қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстап, көшелерді патрульдеп жүрген учаскелік полиция инспекторлары Аслан Есенгалиев пен Айдос Думаш кезекші бөлімнен хабарлама түскен бойда бірден мекенжайға бағыт алған.

Осылайша, оқиға орнына барғанда 2-қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын көріп, бірден адамдарды эвакуациялауға кіріскен. Өрт болған қабаттан 9 адамды алып шыққаннан кейін басқа да пәтерлерді тексеру барысында үстіңгі қабаттағы пәтердің бірінде анасы мен баласының қалып қойғанын байқаған.

Учаскелік полиция инспекторлары жедел әрекет еткен, ал әріптестері Аслан Есенгалиев 7 жас шамасындағы жасөспірімге противогаз кигізіп, анасы екеуін далаға шығаруға көмектескен. Қасындағы әріптесі тағы бір ересек әйелді эвакуациялаған.

Осылайша полиция қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алды. Тұрғындар Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне шексіз ризашылығын білдіріп, қызметтері үшін алғысын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002692-mangystau-policeileri-ort-syqqan-uiden-adamdardy-aman-alyp-syqty/

pixel