Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкенттегі ең биік ғимарат Тоқаевтың Өзбекстанға сапарының құрметіне көк тудың түсіне енді

Опубликовано:

Қазақстан туының түсіне енген Ташкенттегі ең биік ғимарат
Қазақстан туының түсіне енген Ташкенттегі ең биік ғимарат. Видеодан кадр: Instagram/kaztwitter

Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапарының құрметіне Ташкенттегі ең биік ғимараттың Қазақстан туының түсіне енген видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өзбекстандағы ең биік ғимарат Tashkent City Тоқаевтың сапарының құрметіне Қазақстан туының түсіне енді", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Видеоны көрген желі қолданушылары алғысын жаудырған.

Олар: "Өзбек ағайындарға рахмет", "Бізге көрсеткен сый-құрметтеріңіз деп білеміз", "Бауырлас халық аман болсын", "Бәрекелді, неткен әдемі көрініс", - деп жазды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсанда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған еді. Онда мемлекет басшысы Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етіп, қос тарап екіжақты келіссөздер жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002715-taskenttegi-en-biik-gimarat-toqaevtyn-ozbekstanga-saparynyn-qurmetine-qazaqstan-tuynyn-tusine-endi-video/

pixel