jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Қазақмыстың" бір бөлігі Ресейге сатылатыны рас па: қауесетке компания жауап берді

"Қазақмыс" компаниясы
"Қазақмыс" компаниясы. Фото: instagram.com/kazakhmys_official

Желіде "Қазақмыстың" бір бөлігі Ресейге сатылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Осы орайда, компанияның баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stopfake.kz

"Қазақмыс" компаниясы аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған.

"Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін арандатушылық материалдар пайда бола бастады. Бұл теріс ақпараттық шығарындылардың ешқандай негізі жоқ және тек компания басшылығының беделін түсіруге және қазақстандық қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған.

"Қазақмыс" компаниялар тобы әрқашан қазақстандық холдинг болған және болып қала береді. Біздің басым міндеттеріміздің бірі – қазақстандық экономиканың дамуына және халықаралық нарықта жоғары бағаланатын сапалы отандық өнімді жасауға үлес қосу", – деп жазылған хабарламада.

"Қазақмыстың" бір бөлігі Ресейге сатылатыны рас па: қауесетке компания жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.