Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Жарияланған күні:

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі
Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі. Фото: Facebook/Serik Abikenuly

Бүгін Талдықорғанда баспа үйіне белгілі журналист Бейсен Құранбектің есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2014 жылы пайдалануға берілген ғимараттың маңдайшасына "Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі" деп жазылған.

Басылымның хабарлауынша, шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы келіп қатысты.

Олар тарихи күнде Бейсен Құранбектің қазақ телевизиясына қосқан үлкен үлесін тілге тиек етіп, жылы естеліктер айтқан.

Айта кетейік, журналист Бейсен Құранбек 2020 жылы 18 мамырда ауыр дерттен дүние салды. Белгілі тележүргізушіні асқазанындағы жара мазалаған.

Бейсен Абайұлы 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, "Рахат, "31 арна", "Хабар" арналарында, президенттің телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болды.

2013-17 жылдары "Қазақстан" телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал "Айтуға оңай" әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы "Қарекет" бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002767-taldyqorganda-zurnalister-uiine-beisen-quranbektin-esimi-berildi/