Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның екі қаласында күн жылынады

Опубликовано:

Қысқы таң
Қысқы таң. Көрнекі фото: Pexels.com

Синоптиктер бүгін, 26 желтоқсан күні еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Алматыда бүгін жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы күндіз 0-ден +2 градусқа дейін жетеді. Желдің жылдамдығы – 5 м/с болады.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, Астанада да бүгін ауа райы жауын-шашын болмайды және көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы күндіз -10...-12 градусқа жетеді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болуы ықтимал.

Шымкентте ауа температурасы жылынады: күндіз ауа +9-дан +11 градусқа дейін жылы болмақ. Жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002978-bugin-qazaqstannyn-eki-qalasynda-kun-zylynady/

pixel