Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәселе шешілді": Ішкі істер министрлігі оң рульді көліктерді заңдастыруға рұқсат берілетінін мәлімдеді

Опубликовано:

Көліктер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда шетелде тіркелген оң жақ рульді автокөліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Қайсар Сұлтанбаев Президенттің мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру жөніндегі тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүріп жатқанын мәлім етті. Осы орайда, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында тиісті норма қамтылған.

"Осы заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Мәселе шешілді", - деді ІІМ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003034-masele-sesildi-iski-ister-ministrligi-on-ruldi-kolikterdi-zandastyruga-ruqsat-beriletinin-malimdedi/

pixel