Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 84 жастағы қарт әкесімен жанжалдасқан азамат оны үйінен қуып шыққан

Опубликовано:

Павлодарлық тұрғын мен полиция қызметкері
Павлодарлық тұрғын мен полиция қызметкері. Фото: Рolisia.kz

Павлодарда 84 жастағы қарт әкесін ұлы үйінен қуып шыққан. Зейнеткер полицияға жүгініп, нәтижесінде тәртіп сақшылары оқиға орнына барды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның хабарлауынша, 84 жастағы ер адам полицияға туған ұлы өзін үйінен қуып шыққанын айтқан. Артынша әкесі мен ұлының арасында жанжал болғаны анықталған. Әкелі-балалы азаматтардың арасындағы жанжалға қарттың плитаны сөндірмей ұйықтап қалғаны себеп болған. Ата-анасымен жанжалдасып қалған ұлы әкесін үйден қуып жіберген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адаммен сөйлесіп, олардың арасындағы жанжалды реттеді. Бұл ретте 57 жастағы азаматқа қорғау туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар Павлодардағы тағы бір отбасында осыған ұқсас жағдай орын алған. Павлодарлық әйел де үйінде жанжал шығарған ұлының үстінен полицияға арызданған. 39 жастағы ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігі ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003058-pavlodarda-84-zastagy-qart-akesimen-zanzaldasqan-azamat-ony-uiinen-quyp-syqqan/

pixel