Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Опубликовано:

БҚО-дағы екі жүк көлігінің соқтығысуы
БҚО-дағы екі жүк көлігінің соқтығысуы. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

24 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Оқиға Самара-Шымкент тас жолындағы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылы тұсында орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомства мәліметінше, жол апаты салдарынан 44 жастағы "Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған.

"44 жастағы жүргізуші "Вольво" маркалы жүк көлігін басқара отырып рөлге ие бола алмай қарама-қарсы бағыттағы 39 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы "DAV" маркалы жүк көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 44 жастағы "Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ оның 24 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аурухана жеткізілді", - деп хабарлады ведомства.

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003141-batys-qazaqstan-oblysynda-eki-zuk-koligi-soqtygysyp-zurgizusi-koz-zumdy/