Ел тұрғындары жұмысты енді арнайы мобильді қосымша арқылы іздей алады
Жарияланған күні:
Қазақстанда электрондық еңбек биржасында көрсетілетін жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді енді смартфонға арналған, Enbek.kz қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, енді тұрғындар Enbek мобильді қосымшасы арқылы өздерін қызықтырған бос жұмыс орындарын қарап, жұмыс берушілерден шақырулар ала алады.
Сондай-ақ министрлік арнайы push хабарландыруы - түйіндеме мен жауап, сұхбатқа шақыру, жұмыс берушінің әңгімелесу нәтижелері бойынша шешімін қарау туралы ақпаратты өткізіп алмауға көмектесетінін айтады.
"Қосымша пайдаланушыға түйіндеменің қаншалықты толық толтырылғанын, жұмыс берушінің оған назар аударуы үшін тағы не қосуға болатынын айтады. Ал ізденушіні қызықтыратын сала бойынша жаңа бос жұмыс орындарын жіберіп алмау үшін іздеу параметрлерін сақтап, қолайлы бос жұмыс орындары туралы хабарлама алуға болады", - дейді "ЕРДО" АҚ Жұмыспен қамту саласындағы цифрлық қызметтер департаментінің директоры Николай Брюханов.
Министрлік ұсынған мәліметтерге сәйкес, қосымшада жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі де бар. Ведомство ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет емес, тек мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті екенін айтады.
"Келешекте қосымшаның функционалдығы кеңейіп, жаңа сервистер мен қызметтер қосылады. Қосымша барлық пайдаланушылар үшін тегін және PlayMarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді", – дейді министрлік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003180-el-turgyndary-zumysty-endi-arnaiy-mobildi-qosymsa-arqyly-izdei-alady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.