"Мәйіті қоқыстан табылды": Жетісу облысында өз қызын өлтірген анасы мен нағашы ағасына сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Жетісу облысының Сарқан ауданында денесі қоқыстан табылған 5 жастағы қызды өлтірді деп күдіктелген анасы мен нағашы ағасына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жас баланы өлтіру фактісі бойынша нағашы ағасы мен шешесіне қатысты сот үкімі жарияланып, оларға 15 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Толығырақ айтып кететін болсақ, баланың нағашы ағасы мен шешесі алдын ала сөз байласу арқылы жас баланы өлтіріп, денесін қоқыс алаңына қалдырып кеткен. Сот отырысында олар өз кінәларын мойындады", - дейді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Еске сала кетейік, биыл Жетісу облысы Сарқан қаласының шетіндегі қоқыстан 5 жастағы қыздың мүрдесі табылған еді.
Кейін мәйіттің Аружан есімді қызға тиесілі болғандығы және мүрденің қоқыста 3 ай бойы жатқандығы белгілі болды. Сондай-ақ бүлдіршіннің мәйітін далада ойнап жүрген балалар тауып алған еді.
Сонымен қатар құзырлы органдар қызды туған анасы мен нағашы ағасы қылқындырып өлтіріп, қоқысқа тастап кеткендігін анықтаған болатын. Бұған қоса марқұм қыздың анасы оны анасы 14 жасында босанғаны анықталды.
Басылымның дерегінше, оны сол кезде ағасы зорлап, қыз бала жүкті болып қалған.
Қазіргі таңда 20 жастағы келіншек үшінші балаға аяғы ауыр. Енді ол бұл сәбиін темір торда дүниеге әкеледі.
Ал сотталып жатқан Ақниет пен Ақтілек туған ағайынды. Олардың ата-анасы қайтыс болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003311-maiiti-qoqystan-tabyldy-zetisu-oblysynda-oz-qyzyn-oltirgen-anasy-men-nagasy-agasyna-sot-ukimi-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.